«Jet Service» қолданбасы үш түрлі сервисті қамтитындықтан, қолданушының жеке деректері серверде сақталады және қолданушының келісімінсіз үшінші тарапқа берілмейді. Қолданбаны қолдану үшін тіркелу кезінде «құпия сөз» және «байланыс нөмірі» талап етіледі. Сонымен қатар, «Jet Taxi» қызметін пайдалану үшін құрылғыңыздағы геолокация мүмкіндігі қолданылады.
«Hat-Habar» чат қызметін қолдану барысында басқа қолданушылармен файлдармен алмасу үшін құрылғының камерасына, фото және видео галереяларына қол жеткізуге рұқсат беру қажет. Дыбыстық хабарламаларды жіберу үшін құрылғы микрофонына және аудио файлдар сақталатын қалталарға қол жеткізуге рұқсат беру қажет.
Сіздің жеке деректеріңіз тек қана сіздің пайдалануыңыз үшін сервер қоймасында және сервердің деректер базасында сақталады. Сіздің деректеріңізге браузер немесе қолданбадан тыс басқа API әдістері арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, басқа ұйымдарға сіздің жеке ақпараттарыңыздың қолжетімді болмайтындығына кепілдік беріледі.
Қолданбаны қолдану барысында чат арқылы ұлт араздығын қоздыратын ақпаратты, порнографиялық фотосуреттер мен бейнелерді, азаматтардың жеке басына моральдық және психологиялық тұрғыдан зиян келтіретін және оларды қиын әрі қауіпті іс-әрекеттерге итермелейтін деректерді бөлісуге немесе жариялауға қатаң тыйым салынады.
«BAZARCOM» онлайн дүкені арқылы алаяқтық жасауға, адамды мас ететін ішімдіктер мен есірткіге әкелетін өнімдерді, суық қаруға жататын заттарды және ұрланған тауарларды сатуға қатаң тыйым салынады.
Қолданушы жоғарыда аталған ережелердің кез келгенін бұзған жағдайда, оған ескерту беріледі, ал қажет болған жағдайда құзырлы органдар ереже бұзушы туралы хабардар етіледі.
Біз үшін ең алдымен қолданушыларымыздың ақпараттық және моральдық қауіпсіздігі маңызды. Егер сіз осы ережелерге келісетін болсаңыз, тіркелуді жалғастыра аласыз!